13 Сәу 2021
Материал №18 Крупская

Мектеп тарихы

Атырау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №1627 «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жалпы білім беретін №18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік  мекемесін қайта атау туралы қаулысы негізінде мектеп, 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап Халық қаhарманы Хиуаз Доспанова есімімен аталды. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары 46- гвардиялық полктің құрамында 300-ден астам  әуе шайқасына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған болатын. Ел басына күн туған шақта сұрапыл соғысқа араласқан Хиуаз Доспановаға «Халық Қаhарманы» атағы берілді.

Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаhарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамыр күні Ганюшкин ауылында (қазіргі Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесі Қайыр –балықшы, анасы Меруерт – мұғалім  болып еңбек еткен. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбылаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Х.Доспановаға Елбасының жарлығымен Халық қаhарманы атағы берілді.