17 Қар 2021
Материал №18 Крупская

Оқушылар үшін ақпарат

Құрметті ата - аналар, оқушылар! Атырау қаласы, Х.Доспанова атындағы орта мектебінің әкімшілігі, білім беру ұйымдарының жұмыстарының өзгерістері туралы хабарламаға назар аударуларыңызды сұрайды.

30 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында мектеп оқушылары қысқы демалыста. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен қысқы каникул 17 қаңтарға дейін ұзартылды.


Құрметті оқушылар!
4-7 сыныптар аралығында мектепішілік «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты ән сайысы 27 қазан күні мектеп акт залында өтетіндігін хабарлаймыз.

Бұл сайыстың мақсаты мектебіміздегі талантты, дарынды, өнерлі оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сайысқа қатысу шарттары: әр сыныптан қанша оқушы қатыссада өз еріктерінде.
Сайысқа қатысушы әр оқушы 2 тақырыпта ән шырқайды.
1. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай патриоттық  - 1 ән.
2. Қатысушының өз таңдауында еркін тақырыпта - 1 ән.
3. Әндерді орындау қазақ және орыс тілдерінде орындаушылардың өз еріктерінде.
Орындалатын ән міндетті түрде жанды дауыста орындалуы қажет.
Әннің орындалу ұзақтығы:  2 әнге 6 минут уақыт беріледі.
Сайысқа қатысушы классикалық үлгіде немесе оқушы формасымен қатысуға болады.
Сайысқа қатысушы алдын-ала тіркелуі қажет. Ол үшін, музыка пәні мұғалімі Арман Вилоревичке жолығуларыңыз сұралады.