23 Қырқ 2020
Материал №18 Крупская

Жетістіктері

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың танымдық белсенділігін, өз бетімен ақпарат жинауға ықпал ететін дидактикалық құралды анықтау мақсатында өткізілген облыстық

“Ең тиімді Лэпбук” конкурсында

III дәрежелі орын иеленген мектеп дефектологы Сабирова Алия Абайкызын марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіңіз елене берсін


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтарының

«Жана мектепке жаңашыл ұстаз» байқауында

II орын иеленген жас ұстазымыз

Еркинова Мадина Мұратқызын құттықтаймыз


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде

«Салауатты табиғи орта - Казақстан - 2030» Стратегиясын жузеге асырудың негізі» бағытынын

«Химия» секциясы бойынша жүлделі

II орын алған оқушымыз Кехаева Ольганы, жетекшісі Гульшат Ғалымжанованы құттықтаймыз


ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Хиуаз Доспанова атындағы орта мектебіміздің оқушылары Баскетболдан 7 - 8 сынып оқушылары арасындағы қалалық ”ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ” - нан II орын жүлдегерлері атанды

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!


27 қазан күні ”Дарынды балаға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен 2 орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған математика пәні мұғалімі Мадина Еркинова Мұратқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


“Қазіргі IT - білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме” тақырыбында информатика пән мұғалімдерінің облыстық идеялар панорамасында тәжірибесімен бөліскені үшін мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Амангельдиева Гүлзина Амангелдиевнаны Облыстық әдістемелік орталығы директорының АЛҒЫС ХАТЫ марапатымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


21 қазан күні өткен «Балалар жылы» аясында ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ облыстық жарысында БАСКЕТБОЛ 3х3 7-8 сынып окушылар арасында жүлделі 1-орынды жеңіп алған оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

15 қазан күні өткен «Балалар жылы» аясында ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ қалалық іріктеу жарысында БАСКЕТБОЛ 3х3 7-8 сынып окушылар арасында жүлделі  1- орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері жіне қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі Коишыгулова Айман Булатовна «Қазақстанның салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


Мектебіміздің педагогтері Шалкарова Э.У., Тажибаев Ж.О. алғыс хатпен марапатталды.

Құттықтаймыз!


Құттықтаймыз!

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Баймағамбетов Ерлан Русланұлының "Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі" атты мақаласы "Ustazdyq enbek" газетіне жарыққа шықты.


Республикалық пәндер олимпиадасының II қалалық кезеңінде "қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінен Бірінші дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Каримова Г. Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Алтын Исмухамбетова
"өзін-өзі тану" пәнінен Бірінші дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Әділ Г.
Жетекшісі, өзін-өзі тану пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Дулат Далиев Елемесович.

Құттықтаймыз!


"Өрлеу" БАҰО" АҚ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ "ХАБАРШЫСЫ" республикалық ғылыми-әдістемелік журналына
мектебіміздің директоры Далиев Дулат Елемесович пен тарих пәні мұғалімі Баймағамбетов Ерлан Русланұлының «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты ғылыми мақаласы жарық көрді.


Қалалық «Тәуелсіздікке тарту» байқауында үздік бейне сабақ ұсынған мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Садешова Райгул Бактыгуловна жүлделі 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.


Мектебіміздің директоры Дулат Далиев Елемесович Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетовтің Алғыс Хатымен марапатталды.


Ағартушы - педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай тарих пәні бойынша жас педагогтерге арналған "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат" тақырыбымен өткен облыстық байқауында Х.Доспанова атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі ОҢАЙБЕРГЕНОВ ЕЛАМАН СЕРІКҰЛЫ жүлделі III орынды иеленді.

Қ ұ т т ы қ т а й м ы з!!!


Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі: Ерлан Русланұлы Баймағамбетов Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ұйымдастырған Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық арналған үздік ғылыми жобалар облыстық конкурсының I ДӘРЕЖЕЛІ дипломымен марапатталды.

құттықтаймыз!


Жалпы білім беретін Х.Доспанова атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Оразғалиева Мөлдір пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінде жүлдені қанжығасына байлап, Республикалық олимпиадада жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

Құттықтаймыз және мақтан тұтамыз. Болашағы жарқын болғай!


Мектебіміздің басшысы Далиев Дулат Елемесұлы облыстық «Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларына қатынасып, облыс көлемінде көшбасшы ретінде өз іс- тәжірибесімен бөлісіп, жүлделі орынды жеңіп алды!!

Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық еңбегіне орай Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Х.Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы жаңалыққа жаны құмар, жаңашыл басшымызды тағы бір жетістігімен құттықтайды!!


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ШЫН

Атырау қаласындағы "ЗЕРДЕЛІ" ақыл-ой дамыту мектебінің дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 5 сыныптар арасында математикадан Z олимпиадасының қорытындысы бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушысы БАЛТАБАЙ ЖАН ІІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ..

ШӘКІРТІМІЗДІ ЖӘНЕ ПӘН МҰҒАЛІМІ АРАЙЛЫМ ЖАҢБЫРБАЙҚЫЗЫН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРЫМЕН құттықтаймыз.

Шәкірттерімізді биіктерден көре берейік,еңбегіңіз ақтала берсін...


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мектеп оқушылары арасында Президенттік сынамадан қалалық мектеп лигасында Жалпы білім беретін Х.Доспанова атындағы орта мектеп ІІ  орынға ие болды. 

Мектебіміздің мақтаныштарын шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!


IV қалалық «Жас жұлдыз« атты оқушылар арасындағы ән байқауда
I дәрежелі дипломмен Сакенұлы Б.
Жетекшісі: Лян А.
II дәрежелі дипломмен Даниярқызы Д.
Жетекшісі: Лян А.
Алғыс хатпен
Жеделбай Д.
Жетекшісі: Нарешова А.

Құттықтаймыз!


Мектеп директоры Дулат Далиев Елемесовичтің қолдауымен және тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Баймағамбетов Русланұлының жетекшілігімен
мектебіміздің белсендісі әрі үздігі, 7«А» сынып оқушысы Раджұлы Әліби «Ozattar» - Қазақстан білімділерінің электронды энциклопедиясына жарыққа шықты.

Құттықтаймыз!


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Құлсары қаласының 20 жылдығына орай Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирде 40 кг салмақ дәрежесінде 3 орын иеленген ТӨРЕМҰРАТОВ ДАНИЯР марапатталады.

Құттықтаймыз!


Мектебіміздің басшысы Далиев Дулат Елемесович
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты жоғары деңгейде аяқтап, Педагогикалық шеберлік орталығының Атырау қ. филиалы директоры Талаш Бурхановна Сертификат табыстады.

Құттықтаймыз!


Мектебіміздің директоры Дулат Далиев Елемесович
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының Біліктілікті арттыру туралы куәлікпен және Алғыс хатпен марапатталды.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жалпы білім беретін Х.Доспанова атындағы орта мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебер СЕЙТКАЛИЕВА МЕРУЕРТ МУРАТОВНА Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды!Алғыс хатта ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетов: "Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіремін" делінген.



2021 жылдың 27 қазан күні “Мың бала” мәдени-ағартушылық республикалық жобасы аясында арнайы 4 бағыт бойынша облыстық байқаудың жеңімпаздары марапаттау салтанаты өтті.
Шараға жобаның қатысушылары мен жеңімпаздары қатысты. Көркем сөз сайысы байқауының ІІ дәрежелі дипломмен мектебіміздің 8 сынып оқушысы Каримова Чаросхан марапатталды.

Жетекшісі: Айткалиева Асемгул Кусийновна


2021 жылдың 28 қазан күні "Абай орталығында" өткен "Ұлық ұлыс - Алтын Орда" халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Ерлан Русланұлы Баймағамбетов қатысып, өз әсерімен бөлісті.
Конференция барысында отандық және Еуропа, Ресей т.б. елдерінен келген зерттеуші ғалымдар баяндама жасады.
Алтын Орда тарихына қатысты көптеген құнды мәліметтер баяндалды. Алтын Орда дәуіріне жататын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлердің ерекшеліктері туралы айтылды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен халықаралық шараның берері көп, тағылымы зор болды деп ойлаймын.
Мың жылдық тарихы бар Қазақ халқының рухани жаңғыруының көрінісіндей болды. Осы айтулы шара мен үшін үлкен әсер қалдырды. Атыраудың төрінде өткен бұл шараның маңызы өте зор деген ойдамын.
Алыс-жақын шет елден келген ғалымдардың, Алтын Орданың тарихына терең үңіліп, осы жерде бас қосуы біздің тарихымызды жоғары бағалауы еді
ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің Сертификаты берілді.


06.11.21 күні Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасұландықтардың қозғалысын дамыту мақсатында мектеп оқушылары арасындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған «ZHAS ULAN CUP» облыстық пікірсайыс турнирі.
Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; өңірдегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау көрсету.

Мектебіміздің 10"А” сынып оқушылары Балтабаева Дильназ, Рақым Бекарыс қатысып, өз білімдерін көрсетті⚡️
Жетекшісі Лян А., Айнур Ханалиева

Құттықтаймыз!


Мектебіміздің 6«д» сынып оқушысы Беспалов Богдан Математика пәнінен республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып жүлделі 3 орынды иеленді.

Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор: Такешов Малик Хайруллович


Оқушыларымыздың жеңісі

"Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе" дегенді ұран еткен педагогтеріміздің нәтижелі еңбектері жетістіктерге ие болды.

Қалалық 1-7 сыныптар аралығындағы "Зерде" зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауында "тарих" секциясы бойынша Раджұлы Әліби 2-ші дәрежелі дипломмен маратталды.
Жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Ерлан Баймағамбетов Русланұлы

Қалалық 1-7 сыныптар аралығындағы "Зерде" зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауында "медицина" секциясы бойынша Өтеулі Анель 3-ші дәрежелі дипломмен маратталды.
Жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Сейткалиева Меруерт Муратовна

Қалалық 1-7 сыныптар аралығындағы "Зерде" зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауында "қазақ тілі мен әдебиеті" секциясы бойынша Ерланқызы Гаухар 3-ші дәрежелі дипломмен маратталды.
Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Жадыра Балгожиева Фархатқызы

Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!