19 Қар 2021
Материал №18 Крупская

Ғылыми-әдістемелік істер

Название Скачать
1 Pisa жоспары pdf
2 Pisa сапалық құрам pdf
3 Аттестация 2022 pdf
4 Жылдық аналитикалық есебі 2021-2014 оқу жылы pdf

11.02.2022 ж. мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші қалалық кезеңіне қатысушы оқушыларымызға арналған салтанатты жиын болып өтті.
«Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күнге сәттілік тілей отырып, мектебіміздің директоры Дулат Елемесұлы оқушыларға бағыт-бағдар мен алған білімдерінің арқасында сыннан сүрінбей өтуге демеу көрсетер жылы сөздерімен қатар, олимпиада ережесіне сай биылғы олимпиада да былтырғыға қарағанда аз да болса өзгерістер енгізілгенін айтып, таныстырып өтті.
Осы кездесу сәтінде жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің арқасында биылғы Республикалық пән олимпиадасына қатысып жатқан оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алдағы сыннан мүдірмей, тек жақсыны ойлап, жақсы тілекті психологиялық-тренинг арқылы ішкі мазасыздықтарын бір сәтке жою, көңілді көтеру мақсатында мектебіміздің педагог-психологы, жас маман Абдрахманова Асылжан ерекше тренинг өткізді.
Кездесу барысында, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джумабаева Менсулу Хатипуллаевна, оқушыларға тек алға, біз сендерге сенеміз, сендер мықтысыңдар, сендер біздің мақтанышымызсыңдар деген қуатты сөздерімен оқушыларға демеу білдірді.
Салтанатты кешіміздің көркін қыздырған, өнерлі оқушымыз Даниярқызы Дария «Қазақ елі осындай», «Мен қазақтың ерке қызымын» атты өлеңдерімен дарынды оқушылармызға ән шашу арнады.
#олимпиада20212022
#атыраутәрбие
#атыраутәрбиебөлімі


Бүгін 12 қаңтар 2022 ж. мектебімізде директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Айман Койшыгулова Булатовна мен Гульзина Амангелдиева Амангелдиевнаның ұйымдастыруымен «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда STEAM компоненттерін қолдану» атты семинар өтті. Семинарға жаратылыстану пәндер мұғалімдер қатынасты. Семинар жоғары деңгейде өтті.


Х.Доспанова атындағы орта мектепте жас мамандар мектебі ашылып, кейіннен «Жас маман-2020» байқауымен жалғасты. Жас келсе іске демекші жас мамандарымыздың өнері мен интеллектуалды ой-өрістері баршамызды таң қалдырды.


19 ақпан 2021 жыл Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жалпыадамзаттық құндылықтар - қоғамдық сананы жаңғырту жолы» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті.

Семинар барсында мұғалімдер «өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызды және өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Далиев Дулат Елемесұлына берілді.

Семинарға қала мектептерінен 15 мұғалім қатысты.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау – бұл ең алдымен оқу пәндерінің мазмұны, тәрбиелік іс-шаралар, отбасымен және қоғаммен ынтамақтастық арқылы адамды руханилыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Мектеп оқушыларға мінез-құлықтарын, олардың өзіне және қоғамға қатынастарын қалыптастыруға көмектесуі мүмкін. Сондықтан осы кезде міндетті түрде ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды жандандыру, қайта өркендету керек.

Семинар қатысушылары өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Айман Болатқызы, Азамат Саламатұлы, Гулшат Галимжановна, Раушан Ажибаевна өткізген ашық сабақтары мен педагог-психолог Шынар Жалғасқызы жүргізген тренингтерге қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында ұстаздардың «өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде қорытынды ұсынымдар қабылданды, қатысушылар мектепте сүйіспеншілік, сенім, шабытты шығармашылық, өзіңді-өзің зерттеу, өзіңді түйсікпен ұғынуды дамыту атмосферасын құру үшін жағдай жасау жолдарымен танысты және Атырау қаласы білім бөлімінің әдіскері Курмашева Сандуғаш Мұханбетқалиқызы қорытындылады.