19 Қар 2021
Материал №18 Крупская

Тарих, география пән бірлестігі

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Баймағамбетов Ерлан Русланұлы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында
"Білім беру мазмұны жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімдерінің талдау және зерттеушілік дағдыларын дамыту" атты педагогтердің біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтады.

📚Біліктілікті арттыру курстары барысында курсаралық жұмыстарға белсенді араласып, семинарларға, көшпелі тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, білімдерін тереңінен жетілдірді.

Құттықтаймыз!

 


 

"Атырау облысы бойынша білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында   Атырау педагогикалық шеберлік орталығының Атырау филиалының бастамасымен әрі қолдауымен барлық пәндер бойынша онлайн вебинарлар өтуде.

Біздің тобымызға бекітілген вебинар тренері, Көкшетау қ. NIS тарих пәнінің мұғалімі Гаухар Мукушева Бекентаевнамен бірге вебинарлар топтамаларының практикалық тұрғыда мектеп мұғалімдеріне пәннің ішкі мазмұнын талдап үйренуге көп көмегі болатынын ескере отырып, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдерімен бірлескен вебинарымыз өте жақсы деңгейде өтті.

Вебинардың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу. Вебинарға 50 тарихшы-педагогтер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты тарих пәні бойынша вебинар «Тарихи оқиғалардың  себеп – салдарлық байланыстарын анықтау үшін оқушылардың талдау қабілетін анықтау» тақырыбында өтіп, негізгі идеяны  оқушылардың тарихи концептіні меңгеруі турасында қозғауда.

Вебинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Вебинар барысында Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы пәндері бойынша себеп пен салдар концептісін меңгерту бағытындағы саралап оқыту әдіс – тәсілдер талқыланды. Жеке, топтық тапсырмалар орындалды. Тарихшылар қауымы вебинар жұмысына өте белсенді әрі жауапкершілікпен қатысты.

Вебинар-практикумды ұйымдастырған Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығына, Педагогикалық шеберлік орталығының Атырау филиалына және NIS тренері Мукушева Гаухар Бекентаевнаға алғыс білдіреміз.

Жаңа оқу жылына ерекше көзқарас пен тығыз байланыстың арқасында жақсы дайындықпен барамыз деп ойлаймын.

Ерлан Русланұлы Баймағамбетов
🏛«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор

 


08.12.2020 ж., сағат 14:00- де Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік мектепішілік онлайн форматта конференция болды.

Конференцияға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: т.ғ.д., профессор Бердіғожин Л., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қайырғалиева Г., қала, облыс, республика тарихшылары, мектеп әкімшілігі, педагогтері, оқушылар мен ата-аналар қатынасты.

Ашылу салтанаты, сөз кезегі мектеп директоры Далиев Дулат Елемесович конференцияны ашып, баяндамашыларға сәттілік тіледі. I секция бойынша апталықтың ашылуы, сөз кезегі Тарих, география пәндері ӘБ жетекшісі, география пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Уразова Мейрамгуль Махамбетовнаға сөз берілді. Білім алушылардың шығармашылық үзілісіне тоқталдық

II секция бойынша ғылыми-практикалық конференция ашылуы, сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Шалкарова Эльмира Утеулиевна ашты.

Баяндамашылардың (спикерлердің) баяндамалары тыңдалды.

Сөз кезектері төмендігідей бірлестік мүшелеріне берілді. Мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары, тарих, география пәндері ӘБ мүшесі, география пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Тұрышев Азамат Саламатұлы, Тарих, география пәндері ӘБ мүшесі, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Жакупова Шнар Аскаровна, Тарих, география пәндері ӘБ мүшесі, тарих пәнінің мұғалімі Қанағат Аймұрат Қанағатұлы

Қорытынды сөз, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Сейткалиева Меруерт Муратовна берілді.

Нәтижесінде баяндамашылар алғыс хатпен онлайн марапатталды. Жоғары деңгейде өтті.

Тарих пәнінің мұғалімі,

Педагог-модератор                                     Баймағамбетов Е.Р.